№1
FORBES KAZAKHSTAN
нұсқасы бойынша бизнесмен
$7,8 МЛРД
байлығының
қазіргі бағасы
$1 МЛРД
Алатау Ситиге салынып
жатқан инвестиция
AÑSA HUB
Alatau City-дегі зерттеу хабы
AÑSA HUB - Alatau City-де құрылып жатқан зерттеу және әзірлемелер орталығы. Жоба аясында Вячеслав Ким өзінің жеке қаражатынан 100 миллион долларды эндаумент қорына бағыттайды.
Хаб идеясы енді қалыптасып келе жатқан, нарықтағы әлеуеті әлі бағаланбаған бастамаларды бастапқы кезеңінен қолдауға бағытталған. Хабтың мақсаты - Орталық Азиядағы дарынды ғалымдарды анықтап, олардың әзірлемелерін коммерциялық жобаға айналдыру, жобаларға венчурлік капитал тарту және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру. Эндаумент қоры хабқа ұзақ мерзімде жұмыс істеуге және нәтижесі бірнеше жылдан кейін ғана көрінетін зерттеулерді қолдауға мүмкіндік береді.
Alatau City жобасындағы әрбір жаңа бастама – еліміз үшін ұзақ мерзімді табыс көзі және талантты отандастарымыз үшін серпіліс алаңы.
AÑSA HUB Орталық Азия елдері мен серіктес елдердің мемлекеттік институттарын, бизнес өкілдерін, ғылыми ұйымдарын және қоғамдық секторын бірлескен жұмысқа шақырады.
Мен үшін Қазақстанды халықаралық аренада таныстыру - үлкен мәртебе. Еліміз бизнесті дамыту және оған қолдау көрсету үшін бірегей жағдай жасап отыр. Kaspi.kz - мемлекеттік бастамалар мен бизнестің белсенділігі арасындағы тиімді ықпалдастықтың жарқын үлгісі. Alatau City - Қазақстанның инновациялық даму жолына бейілділігін айғақтайтын және отандық бизнес пен шетелдік инвесторлардың қолдауына ие болған маңызды стратегиялық жоба. United Group Alatau - Alatau City жобасының бизнес-серіктестерінің бірі әрі жаһандық капиталмен ынтымақтастық орнатуға ашық компания. Серіктестеріміздің мүддесі үшін мен Investment Task Force командасын құрдым. Бұл команда кез келген жобаны алғашқы өтініштен бастап сүйемелдейді: сұраныстың мән-жайын анықтап, тиісті компаниялар мен серіктестерді тауып, нақты келіссөзге дейін қолдау көрсетеді.
Investment Task Force
Investment Task Force - инвесторларға, технологиялық компанияларға, жеткізушілерге, қаржы институттары мен ұйымдарға Alatau City-дегі бизнес өкілдерімен байланыс орнатып, жобаларын іске асыруға қолдау көрсететін команда.
Investment Task Force міндеттері:
- өтініштің мәнін түсініп, оны топ компаниялары мен серіктестерінің мүдделерімен сәйкестендіру;
- тиісті серіктесті айқындау және алғашқы кездесудің күн тәртібін дайындау;
- тараптарды алғашқы нақты келіссөзге дейін сүйемелдеп, ұйымдастыруға қатысты мәселелерді шешуге көмектесу;
- алғашқы кездесуден кейін де байланыста болып, жоба өз бетінше жүзеге аса бастағанға дейін қолдау көрсету.
Кез келген мәселе бойынша жүгінуге болады: инвестиция, бірлескен кәсіпорын құру, технология жеткізу, қаржыландыру немесе зерттеу жобасы.
Жұмысты бастау үшін байланыс деректерін қалдырсаңыз жеткілікті. Investment Task Force командасы сұранысыңыздың мән-жайын нақтылау және әрі қарайғы жұмыс үшін тиісті маман мен форматты ұсыну мақсатында сізбен хабарласады.